Арнайы репортаж – арнайы репортаждар мен журналистік зерттеулер. Өзекті мәселелерді, көкейкесті тақырыптарды таңдап көрерменге жіті түсіндіреміз. Журналист кадрда көп жұмыс жүргізеді, тақырыпқа орай сарапшылар қызықты пікірлер айтады.

Редакциясы: Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы
 
Жанры: репортаж

Жоба жетекшілері:
Жанұзақ Мүсәпір, Айзада Жаманқұлова
 
Бас редактор: Қайрат Мұсақұлов
 
Жүргізуші-редакторлар: Есболат Айдабосын, Нұрбек Бекбау, Бақытжан Бауыржанұлы, Думан Мұхамедкәрім, Айбек Қобдабай
 
Эфир уақыты: 17.45
 
Ұзақтығы: 20 минут
 
Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: сенбі 17.45
 
Жиілігі: аптасына 1 рет
 
Байланыс телефондары: 8 (717 2) -93-08-26

e-mail: diap@list.ru
 
 

«Арнайы репортаж» - арнайы репортаждар мен журналистік зерттеулер. Өзекті мәселелерді, көкейкесті тақырыптарды таңдап көрерменге жіті түсіндіреміз. Журналист кадрда көп жұмыс жүргізеді, тақырыпқа орай сарапшылар қызықты пікірлер айтады.

Арнайы репортаж – бүгінгі заманның өткір әлеуметтік мәселелеріне арналған телевизиялық бағдарламалардың циклі. Әр журналист кез-келген құбылысқа жеке көзқарасын білдіру құқығына ие болса, бұндай құқыққа қарапайым көрермен де ие деген ойдамыз. Оның бұл құқығын біз қатты құрметтейміз. Сондықтан біз Сіздерге әріптестік қолымызды ұсынамыз. Хат жазып, телефон соғыңыз. Бірге жұмыс істейік.
Бағдарламаны монтаждау техникасынан білуге болады. Бұл жай ғана сурет – иллиюстрация емес, біз ақ-қара бейнелерді, графикалық кестелерді, арнайы әсерлерді қолданамыз. Көрерменді таң қалдыру үшін жеті қабат жер астына түсіп, аспанға көтерілеміз. Арнайы репортаж кері байланысты қолданады.