| Бағдарлама идеясының авторы: Қайнар Олжай Бағыты: тіл-танымдық Продюсері: Асылбекова Жаңыл Продюсері: Қауланова Камшат Режиссері: Төлеуова Ұлмекен Жүргізушісі: Төреғали Төреәліұлы Сценарисі: Шаудырбаева Ғалия Режиссердің ассистенті: Тұрлыкеева Гүлім Әкімшісі: Сақбаева Әсел Бағдарлама құрылымы: тіл сайысы, шоу Ұзақтығы: 30 минут Эфирге шығу уақыты: жексенбі, 17.30; сәрсенбі, 14.15 Байланыс телефоны: 8(727) 393-22-18 e-mail: galeke76@mail.ru |
«Сөз-мерген» тіл-танымдық телеойынының мақсаты - «...Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас» деп, қуаттылығы мен нәзіктігін Абай ақын тамсана жырлаған, қазақ тілінің құдіреттілігін паш ету. Ұлттық рухани болмыстың алғышарты болып табылатын қазақ тілінің тереңде тұнып жатқан сөз маржандарын жарқырата көрсету арқылы көрерменнің туған тілге деген сүйіспеншілігі мен құрметін, патриоттық сезімдерін ояту – бағдарламаның басты идеясы. Қоғамымызда болып өткен түрлі тарихи ахуалдар негізінде белең алған кейінгі буын бойындағы ой және тіл жұтаңдығын ескере отырып, олардың сөздік қорын байыту, сөз саптауын қалыптастыру, ұмыт болуға айналған мақал-мәтелдер мен көне сөздерді ұтымды пайдалана отырып, қолданысқа енгізу, тіл мәдениетін жетілдіріп, тіл тазалығы мен шұрайлылығына көңіл аударту. Түпкі мақсат – мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтату. «Сөз-мерген» тіл-танымдық телеойынының шарттары: Ойын 3 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде ұпайы аз ойыншылар ойыннан шеттетіледі. 3-ші кезеңге жетіп, ойынның шарттарын толық орындаған, ұпайы жоғары ойыншы «Сөз-мерген» жеңімпазы деп танылады. Ойынға қатысушылар: Ойынға 18 жастан жоғары, қазақ тілін сүйіп, ардақтайтын, кез-келген азамат қатыса алады. Марапаттау мөлшері төмендегідей: 1 орын – 20 000 теңге+ «Сөз мергені» арнайы дипломы тапсырылады. ІІ орын – 10 000 теңге ІІІ орын – 5 000 теңге Ойынды өткізу жоспары: Ойынды өткізу бір жылға жоспарланған. Бір жылда – 50 бағдарлама. Демеушілік: Бағдарламаның өн бойында ДЕМЕУШІ жарнамаланып отырады: жүргізуші тарапынан 3 рет ауызша айтылады және ойыншыларға сыйлық тапсырылғанда 3 рет жазбаша жазылады. Сұрағыңыз немесе ұсынысыңыз болса, хат жазыңыз. Біз міндетті түрде жауап береміз.
* - толтырылуы міндетті жолдар |

