Жиреншина Сәуле Жәнібекқызы

 

1964 жылы 18 қыркүйекте дүниеге келген. 1986 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін тәмамдады. Еңбек жолын 1986 жылы «Алатау» телеарнасында балалар бағдарламасының авторы, жүргізушісі болып бастаған. 1990-1992 жылдары саяси-әлеуметтік және ағартушылық бағдарламалар редакциясында, «Айна» шығармашылық тобында жүргізуші-редактор болып еңбек етті.
1994 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясында балалар бағдарламасы шығармашылық бірлестігінің жетекшісі, кейін жастар мен балалар бағдарламалары бөлімінің, ғылыми-танымдық бағдарламалар бөлімінің жетекшісі, бас редакторы қызметін атқарған.  
1998-2002 жылдары тікелей эфирдегі «Отандастар» бағдарламасының бас редакторы, «Түркі әлемі» бағдарламасының жүргізушісі, Қазақ телевизиясында шығармашылық бірлестік жетекшісі, коммерциялық бөлімнің продюсері. 2005 жылы «31-канал», «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасының тілшісі. 2006 жылы «Қазақстан» ҰТА продюсері ретінде «Қымызхана», «Парыз бен қарыз», «Дидар» және т.б. бағдарламаларды жасаған. 2008 ж. «Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар» шығармашылық бірлестігінің, 2009 ж. «Әлеуметтік бағдарламалар» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі. 2010 жылдан «Қазақстан» ҰТА Бағдарламалар директоры. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты.