
Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлы
1961 жылы 26 қазанда дүниеге келген. Суретші, режиссер, тележурналист. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының көркемсурет - графика факультетін бітірген. Еңбек жолын Алматы облысы Балқаш ауданындағы «Ақкөл» орта мектебінде сызу, сурет және еңбекке баулу пәнінің мұғалімі болып бастаған.
Балқаш ауданы «Ақкөл» совхозы бастауыш комсомол ұйымының хатшысы. Балқаш ауданы партия комитетінің идеология бөлімінің нұсқаушысы және «Ақкөл» орта мектебінің директоры қызметтерін атқарды.
Т. Жүргенов атындағы өнер институтында оқытушы және «Қазақфильм» киностудиясында суретші-режиссер, «АТД» Алматы телеарнасында режиссер, «Рахат» телеарнасында редактор болды. 1998-2001 жылдары осы телеарнаның Бас редакторы, 2001-2007 жж. «Рахат» телеарнасының қазақ тілді бағдарламалар Дирекциясының директоры.
2007-2009 жылдары «Хабар» агенттігі Ақпараттық бағдарламалар Дирекциясы директорының орынбасары, 2009 жылдан «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар Дирекциясының директоры. ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Көркемсурет Академиясының мүше корреспонденті.

