Ықсанғалиева Шынар Қуанышқызы

1974 жылы 20 тамызда дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін, Қазақстандық көпсалалы «Парасат» институтын бітірген. 2001 жылы «Хабар» агенттігі жанындағы телевизия студиясында білім алды. 1995 жылы Атырау облыстық радиосында репортер, Атырау облыстық телевизиясының жаңалықтар бөлімінде жұмыс істеді. 1997-2000 жылдары «Ақшам» ақпараттық бағдарламасында, кейін «Шапағат» таңғы бағдарламасының редакторы, ақпараттық, ойын-сауық бағдарламалар мен мәдениет жаңалықтарының шығарушы редакторы болды. 2007 жылы «Хабар» агенттігінде продюсер, сонымен қатар «Вся страна» бағдарламасында журналист. 2007 жылы «Қазақстан» ҰТА-да «Всё об инвестициях» бағдарламасының редакторы, 2008 жылы телеарнаның аймақтық таратылым бөлімінің жетекшісі, кейін «Правовое поле», «Ключи от кризиса», «Народная экспертиза» бағдарламаларының редакторы, сценарий авторы болды. 2010 жылдан «Әлеумет» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі.