
Цыбулин Павел Валерьевич
Цыбулин Павел Валерьевич 1976 жылы 8 шілдеде туған. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдаған. Спорт шеберлікке кандидат. Телевизия саласында 15 жасынан жұмыс істейді. № 134 мектеп-гимназияда оқи жүріп, танымал бағдарламалардың бірі - «ТНН» («Телевизионные Неофициальные Новости») тілшісі болған. 1991-1997 жылдары осы бағдарламаның тілшісі, редакторы, жүргізушісі.1997-2009 жылдары «31 радионың» спорттық бағдарламалар жүргізушісі, редакторы. 2009 жылдың ақпан айынан «Қазақстан» ҰТА спорттық бағдарламалар шығармашылық бірлестігінің жетекшісі.

