
Атжан Қалыбек Жапайұлы
1954 жылы 3 наурызда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Қазақ ауылында дүниеге келген. ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. АҚШ-та журналистикалық курста кәсіби білімін жетілдірген.
Еңбек жолын 1970 жылы «Комунизм жолы» ұжымшарында тракторшы, автокөлік жүргізушісі болып бастаған. 1972-1973 жылдары Абай атындағы орта мектепте мұғалім болып болып қызмет етті.
1978-80 жылдары республикалық жастар газеті «Лениншіл жас» газетінде (қазіргі «Жас Алаш»), 1980-1984 ж. Қазақ радиосында, 1984-1998 жылдар аралығында Қазақ радиосының Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. 1998-2002 ж. «Хабар» агенттігінің Өзбекстан Республикасы мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, 2002-2008 ж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалының директоры. 2008-2010 ж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры қызметін атқарған. 2010 жылдың қараша айынан «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының аймақтар жөніндегі кеңесшісі, мониторинг бөлімінің бастығы.
Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері (2004 ж.), КСРО телевизиясы мен радиосының үздігі (1987 ж.), Қазақстан Журналистер Одағы Сағат Әшімбаев атындағы сыйлығының иегері (2001 ж.), Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» (2000 ж.).

