Асылбекова Жаңылхан Мәмежанқызы

1970 жылы 25 маусымда дүниеге келген.1994 жылы  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын «ҚР минералды ресурстары» журналында корректорлықтан бастады. 2000-2002 жылдары Алматы қаласындағы №86 Ғ.Мүсірепов атындағы мектепте «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі. 2002 жылы «Алматы бизнес» колледжінде оқытушы, 2002-2006 жылдары «Хабар» агенттігінде сценарист-редактор, 2006-2008 жылдары «Қазақстан» ҰТА продюсер, 2008 жыл шілде айынан «Қазақстан» ҰТА-да «Мәдени-танымдық бағдарламалар» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі болды.

2009 жылдан «Руханият» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі. Филология ғылымдарының кандидаты. «Сезім тамшылары» (1998 ж.), «Көңіл тағдыры» (2008 ж.) жыр жинақтарының авторы, 1998-2008 жылдары жарық көрген «Қазақстандағы кімнің кім екендігі» кітабының редакторы. Н.Мәукенұлы атындағы сыйлықтың лауреаты.