01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Бүгінде Маңғыстау облысында ауыз су мәселесі шешімін тапқан. Жаңаөзендіктер де су іздеп сергелдеңге түсетін кезден әлдеқашан өтті. Шаһарда  «Өзен инвест»  деп аталатын кәсіпорын суды тазартып, қаланы ғана емес, оған жақын орналасқан елді мекендерді де толық қамтып отыр. 

1997 жылы «Өзен инвест» кәсіпорны шетелдік су тазалау қондырғысын іске қосқалы Жаңаөзендіктер сапалы ауыз суға қол жеткізді. Оған дейін су сораптар арқылы стансаға жинақталып,  сүзілмеген күйі қалаға жіберіліп отырған. Қазір кәсіпорын тіршілік көзін «Түйе су» және «Сауысқан» кен орындары мен Еділ өзенінен алады.  

Сүлеймен Байқұлов, су тазарту кәсіпорнының бастығы:

Еділден қазіргі таңда тәулігіне 10-12 мыңдай текше метр су келіп тұр.Ал, «Түйе су сауысқан» кен орнынан 5 жарым мың шаршы метр. Еділ суын мына «МУТ-720» дигримен фирмасының су тазалау қондырғысы арқылы тазалап, таза резервуарларға жинақтаймыз. Ал жергілікті «Түйе су сауысқан» кен орнынан келген суды тікелей қабылдап, тазаланған екі суды қосып, хлормен заласыздандырып қалаға беріп отырамыз.

Заманауи қондырғы көмегімен техникалық су тұщытылып, арнайы сүзгіден өткізіледі. Мұнан соң су өңделеді. Судың түсі, мөлдірлігі және химиялық, бактерологиялық  көрсеткіштерінің құрамы да тексеріледі. Өнімнің сапасына республикалық эпидемиолог мамандар да жоғары баға берген.

Сұлушаш Мұқашева, орталық зертхананың меңгерушісі:

Біздің ауыз суымыз өте таза. Нормаларға сай. Суымыз лас болған жағдайда 2-3 күн сынама аламыз. Басшыларға шығып хат жүзінде, санитарлық қадағалау басқармасымен бірлесе судың лас болған жерлерінен қайта сынамаларды аламыз.

Ауыз су Жаңаөзенге құбырмен, ал орталықтан шалғай елді мекендерге көлікпен тасып жеткізілуде.

Биыл өнеркәсіп Еділден 5 миллион 300 мың текше метр, ал жергілікті «Түйе- Су»  «Сауысқан» орталықтарынан 2 миллионнан аса текше метр су алуға келісім шартқа отырды. Бұл көлем жаңаөзендіктерді сапалы ауыз сумен қамтуға толық жетеді. Мамандар осындай қорытындыға келіп отыр.

 Жазира ӘБІЛ 

*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.