Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Кешегі Елбасының Жолдауын Жаңаөзен қаласының жұртшылығы да қызу талқылап жатыр. Бұл жолы ардагерлер бас қосты. Олардың ішінде қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қалалық Мәслихат депутаттары мен ішкі істер басқармасының басшылығы да бар.
Көпті көрген қариялардың айтуынша, Елбасы бұл жолы да ұтымды ой айтып, халықтың игілігі үшін Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Сондықтан Жаңаөзен халқы мемлекет басшысының көреген саясатын қолдайды деп отыр үлкендер жағы.
Елбасы Жолдауы мүдде, бірлік, татулық пен бейбітшілікке үндейді. Қазақстанда тұрып жатқан ұлт өкілдерінің бір шаңырақта бейбіт өмір сүруі - мемлекет басшысының көрегенді саясатының арқасы. Бүгін Жолдауды талқылаған Жаңаөзен қаласының ақсақалдары осылай десті. «Қазақ елі қашанда сан ұлт мен ұлыстың ынтымағы ұйыған, татулығы жарасқан мемлекет болған. Сондықтан қол жеткізген бұл жетістіктерді бағалай білу керек» дейді жиналғандар.
Асылбек Айдаров, Жаңаөзен қаласы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Біздің Елбасымыздың осындай үлкен көрегенді саясатының нәтижесінде халықтар бір-бірімен достасып, елімізді одан ары дамыту бағытында, экономикамызды одан ары арттыру бағытында, жаңадан мекемелерді ашып, өндірісті одан әрі дамыту бағытында біршама осы достықтың арқасында жұмыс жасалды.
«Отан отбасынан басталады». Жергілікті ардагерлердің айтуынша, қазіргі таңда жастар тәрбиесін мықтап қолға алу қажет. Елбасы халыққа Жолдауында өңірлерді дамытып, аймақтарда жаңа жұмыс орындарын ашу туралы тапсырма берді. Ақсақалдар сол кәсіпорындарға алдымен жастарды кіргізу керек дейді. Бұл мәселемен ардагерлер мен Мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері бірігіп айналысулары қажет.
Сақи Мыңбай, Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы:
Біз енді Мәслихат, депутаттар корпусы шамамыз келгенше сол мәселелерге аралассақ деп ойлап жатырмыз.
Ардагерлер кеңесінде халықтан бірқатар ұсыныстар жасалды. Солардың бірі Жаңаөзен қаласындағы тәртіп қадағалауды тек Ішкі істер басқармасының мойнына артып қоймай, кәсіподақтар ұйымы олармен бірігіп жұмыс істеулері қажет деген. Ішкі істер басқармасы демекші. Болашақта Жаңаөзендегі тәртіпті қадағалау үшін қалаға жиырма бейнекамера орнатылып, арнайы техникалар тартылады деп жоспарланып отыр. Қазір бұл мәселе министрлікте талқыланып жатыр.
Бақытжан ОМАРОВ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.













Көшіру | pdf
