01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Амангелді Айтқұловқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Оған қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылды. Амангелді Айтқұлов күдікті ретінде 72 сағатқа уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде. Амангелді Айтқұлов облыс әкімінің бірінші орынбасары ретінде құрылыс мәселелері мен Жаңаөзен қаласын дамыту мәселелеріне жетекшілік еткен. Сол тұста Жаңаөзенге «Қазмұнайгаз ББ» АҚ-нан әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін, соның ішінде, тұрғын үй құрылысына қаражат бөлінген. Айтқұлов құрылыс жүргізген мекемелерге қолдау көрсетіп, қаражаттың бір бөлігін қалтасына басқан.
 
Дулат Байжанов, ҚРэкономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бастығының бірінші орынбасары:
Айтқұлов өзінің өкілеттігін пайдаланып, қызмет мүддесіне қарсы әрекет етіп, өзіне пайда келтіру мақсатында жекелеген құрылыс фирмаларына қолдау жасаған.  Бұл фирмалардың жетекшілері тұрғын үй құрылысын  салуға бөлінген қаражаттарының бір бөлігін ұрлап, ұрланған ақшадан Айтқұловқа берілген.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.