01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Жаңаөзенде болған дүрбелеңге байланысты кешегі бас прокурордың мәлімдемесіне қатысты еліміздің заңгер ғалымдары да ой-пікірлерін білдірді.

Өмірәлі Қопабаев, заң ғылымдарының докторы:
Кешегі мәлімдемеге қарағанда шын мәнінде қазіргі бұзақылық жасаған адамдарды тауып, соларға іс-әрекет жасап жатыр. Жаңағы лауазымды адамдарды жауапқа тартып, содан кейін құқық қорғау органдары асыра сілтеу жасағанды да жауапқа тартып жатыр екен. Оның барлығы заңды деп санаймын.

Келген Керімұлы, заңгер:
Мен тілер едім сол тергеу жариялы болу керек. Халық білу керек, әділдік болу керек, әлеуметтік әділетті қалпына келтіру керек. Сондай тергеу жүріп жатқан кезде прокурордың мәлімдемесі де жариялылық. Халыққа айту керек, жасыратын не бар, ел білді. Сол себепті сіздер газет-журнал арқылы теледидардан да прокурордың өзінің мәлімдемесі де жариялылықтың бірі. Егер де біз оны халыққа жеткізетін болсақ, онда тезірек біз осындай заңбұзушылықтың алдын алып басар едік.

*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.