01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Осы баспасөз мәслихатында Гүлшара Әбдіқалықова Жаңаөзен халқының жайына да тоқталды. Оның мәліметінше, 6-7 ай бұрын жұмыстан босап қалған 2 мыңдай мұнайшының 500-дейі қайта мұнай компаниясына жұмысқа орналасқан.
 
Бұдан бөлек жаңаөзендік 18 адам көрші облыстарға жұмысқа тұруға өтініш білдірген. Олардың көшіп-қону шығынын мемлекет өз мойнына алғалы отыр. Ал Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығына қазір 415 маман тіркеуде тұр. Осылардың 120-сы қайта кәсіби білім алуға ниетті. 6 адам тұрақты жұмыс орнын тапты. Жұмыссыздарға жеке кәсібін ашу үшін де көмек көрсетілуде.
 
Берік Еңсепов, Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры:
Қазіргі таңда бізде кәсіби негіздерін дамытуға, өз бизнесін дамытуға 2 адам кредит алған болатын. Әлі де ниет білдіруші адамдар бар. 1 миллионнан 3 миллионға дейін қаржы беріледі.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.