Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Осыған дейін Маңғыстауда 1 710 мұнайшы жұмысқа қабылданды. Олардың 95 пайызын «Өзенмұнайгаз» компаниясының жұмысшылары болса, 600-і - қаражанбастықтар.
Олар үшін екі жаңа кәсіпорын құрылды. Бірі Ақтауда бұрғыларға техникалық қызмет көрсетсе, екіншісі Жаңаөзенде мұнай ұңғымаларын бұрғылаумен айналыспақ. Екіжақты келіссөздер әлі де жүріп жатыр. Өткен жылы «Қазмұнайгаз» 12 млн. 341 мың тонна қара алтын өндірген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 7 пайызға кем. Қазір «Өзенмұнайгазда» тәулігіне 105 мың баррель мұнай алынып жатыр.
Қазақ Үкіметі мен «Қазмұнайгаз» «Бренд» маркалы мұнайдың баррелі 80 доллар екенін ескере отырып, 2012 жылы компания бюджеті 126 миллиард теңгеге жуықтайды деп болжап отыр.
Алик Айдарбаев, «Қазмұнайгаз» Барлау өндіру» АҚ бас директоры:
Бүгінгі күні нақты 2 бригада жұмысқа шықты. Қалған адамдармен сөйлесеміз. Біз бұрынғыдай мына жұмысқа қалай да барасың демейміз. Сол адамдармен келісіп жасауымыз керек. Биыл «Өзенмұнайгаз» 5 млн. 800 мың тонна мұнай өндіруі керек. Қазір жұмысқа қабылданғандар сол планды орындауға кедергі жасамай, керісінше көмектеседі деп ойлаймыз.
Жазира ӘБІЛ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.













Көшіру | pdf
