Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Венесуэла президенті Уго Чавес аты жаман аурудан толық айықпаған тәрізді. Ол осыдан бірнеше сағат бұрын мәлімдеме жасап, өзіне тағы да ота жасау қажеттігін мәлімдеді. Айта кетсек, былтыр оның жамбас қуысынан қатерлі ісік табылып, оны емдеу үшін бірнеше рет операция жасалған. Бұл жолы дәл сол жерден жаңа жара анықталып отыр. Дегенмен, 57 жастағы Чавес айығып кететіндігіне сенімді.
Венесуэлада биыл қазан айында президенттік сайлау өтеді. Онда Уго Чавес өзінің жеңіске жететіндігіне еш күмән келтіріп отырған жоқ.
Арыстан РЫСБЕК