01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда жүздеген адам АҚШ-пен еркін сауда келісіміне қарсылық білдіріп, шеруге шықты. Бұл мәселеге қатысты келіссөздер бес жыл бұрын басталған еді. Содан бері екі елде де кәсіпкерлер мен фермерлер наразылық білдіріп, талай мәрте қарсылық акцияларын ұйымдастырған. Демонстранттардың пікірінше, осы келісімнің кесірінен елдегі  кәсіпорындар арасындағы бәсеке төмендейді.  Алайда Корея  билігі бұл шара Еуропадағы қаржы дағдарысы кезінде елдің экспорттық әлеуетін арттырып, экономиканың қарқынды дамуына ықпалын тигізетініне сенімді. Сеул мен Вашингтон арасындағы келісім 2011 жылы ақпан айының 11-інде қабылданып, биыл наурыздың 15-і күні күшіне енеді.
 
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.