01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

АҚШ Иран мен Сирияға қарсы санкцияларды күшейткен шақта Иракта долларға деген сұраныс артты. Бұл, әсіресе, соңғы екі айдан бері ерекше байқалып отыр. Елдің Орталық банкі ұсынып отырған мәліметтерге жүгінсек, бұрын мұнда күн сайын шамамен 150 миллион америкалық доллар сатылатын еді. Алайда, бірнеше күннен бері бұл көрсеткіш 450 миллион долларға жеткен. Иран мен Сирияның валюталары ЕуроОдақ пен АҚШ енгізген санкцияларға байланысты девальвацияға ұшырады. Мәселен, қаңтар айында Ирандық реал 40 пайызға дейін құнсызданған. Ал Сирияда бүгінгі таңда бір доллар 70 сириялық фунт тұрады екен. Сондықтан, Ирак көрші мемлекеттер үшін доллардың қайнар көзіне айналып отыр.
 
Мадина МҰҚАНОВА
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.