2020 жылғы жазғы Олимпиаданы қабылдауға үміткерлердің бірі Доха 32-ші ойындарды Катардағы ыстықтың салдарынан қазан айына шегеруге ұсыныс жасады. Ал Паралимпиада ойындарын қарашада өткізуге ниет білдірді. Жазғы жаһандық жарыстың астанасы 2013 жылдың 7-ші қыркүейгінде Аргентинада анықталады. Халықаралық Олимпиада комитетінің 125-ші отырысында 5 ірі шаһардың кандидатурасы қаралады. 32-ші ойындарды қабылдауға Испанияның Мадрид, Жапонияның Токио, Түркияның Стамбул, Әзірбайжанның Баку және Катардың Доха қаласы өтініш жасаған. Италияның Римі сайлау сайысына қатысудан өз еркімен бас тартты. Ал Олимпиаданы жазғы ыстықтың салдарынан 4 айға шегеруге ұсыныс жасаған Доха бүгін ағаш бейнесінде Олимпиаданың бой тұмарын таныстырды.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.








Көшіру | pdf
