01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Қарағандының спорт жанашырлары қазақтың ежелгі жекпе-жегін жаңғыртуда. «Былтыр ғана «үш күрес» деп аталған бұл спорт түрінің әлемде аналогі жоқ», – дейді оның авторы Төлеген Әшімов. 3 раундтан тұратын кездесудің әр кезеңі 2 минутқа дейін созылады. Алдымен атлеттер пластиктен жасалған 80 сантиметрлік таяқпен семсерлеседі. Одан кейін кезек пышақ күресіне беріледі. Жүрек жұтқан жігіттер қанжармен шайқасады. Шешуші 3-ші кезеңде спортшылар қоян-қолтық ұрысқа көшеді. Қоян-қолтық жекпе-жекте басқа және денеге қолмен соққы жасауға, аяқпен шалуға, партерге тұрғанда тұншықтыру тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген. Үш күреспен үнемі айналысатын адамның кемінде 1-ші спорттық дәрежесі болуы керек. Өйткені, бұл жекпе-жек батыр бабалардың шынайы шайқаста қолданған тактикалық және техникалық әдістері негізінде құрылған. Ғасырлар бұрынғы үш күрестің бүгінде ережелері жетілдірілу үстінде. Жарысқа тек екі талапқа сай спортшылар жіберіледі. Кәмелет жасына толған және 75 келіге дейінгі салмақтағылар.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.