Осы күндері Біріккен Араб Әмірліктерінде үлкен теннистен әйелдер турнирі өтуде. Жүлде қоры 2 миллион АҚШ долларын құраған жарысқа 28 ракетка шебері жиналды. Қазіргі таңда алғашқы айналымның 10 ойыны аяқталды. Бірінші белесті бағындырғандардың қатарында орыс қызы Мария Кириленко да бар. Ол 24 жастағы Румыния теннисшісі Моника Никулесканы екі сетте сан соқтырды. Ал Кириленконың отандасы Светлана Кузнецованың жолы болмады. 26 жастағы Ресей спортшысы неміс қызы Юлия Гергестен ұтылды. Матч 3 сетке жалғасты. Әлемнің 14-ші ракеткасы Елена Янкович болса, чех аруы Петра Цетковскадан айласын асырды. Сербия мақтанышы енді ширек финал жолдамасын италиялық Флавия Пеннеттамен ойнатады. Жеңімпаз ақпанның 25-інде анықталып, 446 мың АҚШ долларын және 470 рейтингтік ұпайды олжалайды.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.








Көшіру | pdf
