Қол добынан Қазақстан чемпионаты 10-шы мәрте жалауын желбіретті. Оған қыз-келіншектерден жасақталған супер лигадағы 6 команда қатысуда. Алматыдағы «Достық» спорт кешеніне Қызылорданың «Сейхун Кам», Алматы мен Астана ұжымдары, Оралдың «Ақжайығы» және Шымкенттің «Қазығұрты», сондай-ақ, Алматы аймағының «Іле» командасы келді. Биыл бас жүлдені аламыз деген Астана арулары 2 ойында бақталастан басым болды. Сол секілді Сыр елінің сұлулары да ұпайдан шашау шығармады. Қазақстан құрамасы Олимпиада жолдамасына қол жеткізе алмаған соң ойыншылар өз клубтарына қайта таратылды. Құрамы легионерлермен толыққан «Астана» мен «Ақжайық» бүгін кездесіп, елордалықтар 34-30 есебімен жеңіске жетті. «Сейхун Камның» «Іледен» мерейі үстем болса, өткен жылғы ел чемпиондары «Алматы» бірінші тур аутсайдері «Қазығұрт» қыздарын 38-23 есебімен тізе бүктірді. Алғашқы тур ақпанның 24-де аяқталады. Чемпионаттың 3 кезеңі көктемде, қалған 3 туры күзде өткізіледі деп жоспарланды. Үздік 4 клуб плей-офф бәсекелеріне жолдама алып, бас жүлдені сарапқа салады.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.








Көшіру | pdf
