Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Елімізде бүгінде 50 мыңнан астам 18 жасқа дейінгі кембағал бала арнайы тіркеуде тұр. Алдағы уақытта олардың барлығына білім беру үшін қашықтықтан оқыту жобасын жетілдіру қолға алынды. Жобаның құны 3 млн. теңге.
Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Мүгедектерге арналған жаңа концепция қоғамға ыңғайластыру консепциясы, адаптация жасау енді-енді қолға алынып жатыр. Соның бірі, әрине, балаларды оқыту. Оларға мамандық беру мәселесі болып табылады. Сондықтан, қандай да бір істі бастағаннан кейін, оны пилот ретінде көріп, оның қандай кемшіліктері бар, қай жерге көңіл бөлу керек, қалай методология жағын дамыту керек, соны біліп алуымыз керек.
Жарымжан болса да, өмірге аса құштар жандардың бірі – Саят Тілеубаев. Қашықтықтан білім беру бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндігіне ол да ие болды. Болашақта ақын болсам деп армандайды. Жуырда «Гүлсезім» атты өлеңдер жинағы да жарық көрді.
Саят Тілеубаев, Алматы қаласының тұрғыны:
Келген күн күлімдеп атсын,
Баршаға күн нұрын шашсын,
Адамдар бір-біріңді құрметте,
Ешқашан бір-біріңді ренжітпе.
Қаржыландырушы компаниялар іріктелген 20 баланың үйіне қажетті компьютер мен байланыс құралдарын орнатып, олардың толық білім алуына жағдай жасайды. Ал басқосуда кемтар балаларды аптасына бір рет университетке алып барып, олардың ұстаздарымен кездесіп, емтихан тапсыруларына мүмкіндік жасау қажеттілігі ұсынылды. Сонымен қатар, мүгедек балалардың 30 жасқа дейінгі білім алуына рұқсат беру туралы ұсыныс жасалды. Болашақта оларды жұмыспен қамту жағы да ойластырылмақ.
Айгүл ЕРМАХАН
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.













Көшіру | pdf
