01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Австралияда кісі қолынан қаза болған отандасымыз Сағынай Батырханованың ісі туралы жаңа деректер белгілі болды. Гриффит университетінде білім алып жүрген 22 жастағы Сағынай Батырханова өткен жылы айуандықпен өлтірілген болатын. Қандықол қылмыскер - Сағынайдың азаматтық некедегі күйеуі, Тайланд азаматы ұсталды. Марқұм қыздан қалған сәби қазір Австралияда.  Осы күндері Батырхановтар әулеті де сонда. Олар баланы елге қайтарудың мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.
 
Алтай Әбибуллаев,  ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
Біздің консулдық пен адвокаттарымыз австралиялық сот өкілдерімен ұдайы байланыста. Ең бастысы, қазіргі таңда күніне 5 сағаттан немересімен кездесетін құқыққа ие болды. Сондықтан Батырхановтар әулеті өз немересімен күніне 5 сағат кездесуде. Жақын арада сот отырысының уақыты белгіленіп, сот отырысы өтуі тиіс.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.