01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін пайдаланып, ақпараттық қоғамның  тұлғасын дайындау. Алматыдағы №159 орта мектепте өткен семинарда ұстаздарға ақпараттық технология арқылы оқушының қарым- қабілетін дамыту әдістері көрсетілді. «Дарын» ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен жиынға республиканың барлық өңірлерінен 150-ге тарта мұғалімдер қатысты. Ғылыми-тәжірибелік семинарда ұстаздарға жаңашыл әдістемені меңгерген мұғалімдер әріптестеріне шеберлік дәрісін көрсетті. Сонымен қатар, «Тәуелсіз елдің тал бесігі» атты тәрбие сағаты өткізіліп, оқыту жүйесін тәрбиелік мақсатқа бағыттау жөнінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
 
Аягүл Миразова, Ы.Алтынсарин атындағы №159 қазақ орта мектебінің директоры, Қазақстанның Еңбек Ері:
Білім саласында келе жатқан ұстаз ретінде айтатыным, біз бұны әрі қарай жалғастыруымыз керек. Біз бұрын Ресейге басқа жаққа барып тәжірибе жинақтаушы едік. Ондай мүмкіндік өте аз. Сондықтан, біздің елімізде де өзіміздің республикамыздың небір керемет мектептер бар. Мектептердің іс тәжірибесімен осылай бөлісіп жатсақ, нұр үстіне нұр болады.
 
Шыңғыс КІРЕБАЙ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.