Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
«Нұр Отан» партиясының «Ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» аты осы жылы Астана қалалық филиалына бұйырды. Елордалық нұротандықтар тұрғындарды толғандырған түйткілдер мен мұң-мұқтаждарына терең бойлай алды. Бұдан бөлек, 17 облыстық және аудандық филиалға бұқараның оң бағасы бұйырды. Бұл да үлкен мәртебе.
Владимир Бобров, «Нұр Отан» ХДП хатшысы:
Соңғы жылдары қазақстандықтар партияның қоғамдық қабылдауына жиі келетін болды. 2008 жылмен салыстырсақ, былтыр келіп түскен азаматтардың өтініштері екі есеге артқан. Бұл халықтың бізге үлкен сенім артып отырғандығын білдіреді.
Көбіне, қоғамдық қабылдауға түсетін өтініштердің өзегі әлеуметтік мәселелерге тікелей қатысты. Мәселен, Астанадағы «Әдия» жеке меншік балабақшасы 2010 жылы «Нұр Отаннан» қолдау тауып, 40 бүлдіршінге есігін айқара ашқан. 32 миллионға жуық несие берілді. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында.
Жадыра Сауранова, «Әдия» балабақшасының меңгерушісі:
«Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдау бөліміне барған кезімізде біздің балабақшамызға айтарлықтай көмек көрсетті. Осы балабақшаны сатып алып, одан әрі көркейтіп, дамытуына үлкен ықпалын тигізді.
Елдегі 258 қоғамдық қабылдауға былтыр 80 мыңдай арыз-шағым келіп түскен. Бүгінгі күнге дейін оның тең жартысы орындалды.
Жасын БІРКЕНОВ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.










Көшіру | pdf
