Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Шымкенттегі көпқабатты үйлердің дені осыдан жарты ғасыр бұрын салынған. Бүгінде барлығының дерлік шатыры тозып, коммуналдық жүйелері шіріп, жертөлесі сызат тартып тұр. Өткен жылдан бері тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының аясында Шымкентте алғаш рет тозығы жеткен үйлер жаңартыла бастады. Шаһардағы әбден ескіріп кеткен көпқабатты баспаналардың кем-кетігін жөндеу ісіне 463 миллионнан артық қаржы жұмсалды. Алайда істелген шаруа тұрғындардың көңілінен шықпады. Коммуникация жүйелері толық жаңартылмаған. Ал ауыстырылған құбырлардың өзі жұмыстың сапасыздығынан бірнеше рет жарылып, көпшілік әбіргерге түсті. Бағдарламаның орындалуы мен жұмыс сапасын тексеруге енді «Нұр Отан» партиясы кірісті.
Қалима Жантөреева, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:
Мәслихаттағы фракция мүшелеріміз арқылы оны депутаттарға саламыз. Бұл қалай шешуге болады, жолдарын қарастырамыз. Өзіміз эксперттік кеңестер құрамыз. Жұмысшы тобын құрып, әр үйді барып көреміз. Қаншалықты ремонт өткізілді, сол қаржы қаншалықты тиімді пайдаланылды. Сол жағын да бірте-бірте қарайтын боламыз.