01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Несібесін несиеден айырғандардың бірі батысқазақстандық Гүлшаш Өтебалиева. Переметное ауылының 43 жасар тұрғыны «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша былтыр 3 миллион теңгеге қажетті жабдықтар алып, кондитер цехын ашқан еді. Бүгінде шаруасы дөңгеленген шағын цехтың тәтті өнімдерін ауылдастары тағатсыздана күтеді.
 
Нәрлі бөлке, дәмді күлше, сәнді торттарды Гүлшаш бұрын да жасайтын. Таныстарының тапсырысы бойынша тәтті тағамдар даярлау үй шаруашылығындағы әйелдің негізгі күнкөріс көзі еді. Енді биылдан бастап кондитер цехын ашып, кәсібін дамытты. Өз өнімдерін шағын дүкен арқылы сата бастады.
 
Гүлшаш Өтебалиева, Переметное ауылының тұрғыны:
Бірінші бастама ақша 3 млн. алып отырмын. Қазіргі жағдайда 2 млн. игердім. 1 млн. арендаға, жұмысшыларыма. 2 жұмысшы қазір қамтып отырмын. Алғаш ашылып жатқан не ғой. Одан үлкен цех ашқым келеді.
 
Гүлшаштың кондитер цехының өнімдерін ауылдастары жоғары бағалайды. Пештен жаңа шыққан тәтті тағамдарды тұрғындар ғана емес, аудан орталығындағы көпшілік тамақтану орындары да сатып алады.
 
Надежда Шукурова, ауыл тұрғыны:
Мен өзім кафе әкімгерімін. Мұнда тұрақты келеміз. Өнімдердің ассортименті ұнайды. Облыс орталығынан тасығанша, осыдан күнделікті алып тұрған өте ыңғайлы.
 
Бұл цех былтыр пилоттық жоба аясында ашылған болатын. Өткен жылы Орал өңіріне 2 ауданға 100 млн. теңгеден қаржы бөлінді. Ал биыл ауыл тұрғындарын несиелеуге облыс бойынша 1 млрд. 300 млн. теңге қаралды.
 
Нариман Төреғалиев, Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы:
Ол несиенің талабы былай 5 жылға беріледі. 3 млн. бір адамға. Ол өз істерін дамытуға, кәсіпкерлік істерін дамытуға арналған. 3 пайыз несиемен алса, 3 пайыз жылдық қаншаға шыққанда үстемесін төлеп қайтару керек.
 
Бүгінде тиісті орындар ауыл тұрғындарының өтініштерін қабылдап жатыр. Несие алуға тілек білдіруші бірнеше адам несие серіктестігін құруы тиіс. Ауыл кәсіпкерлері, жұмыссыздар, аз қамтылған жандар несиелеудің негізгі нысанасы болмақ.                                    
 
Ерденбек ЖЫЛҚАЙДАРҰЛЫ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.