Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Жастарды әуелі оқытып, кейін жұмысқа орналастыру, өз кәсібін ашқысы келетіндерге арзан несие арқылы қолдау көрсету, экономикалық әлеуеті төмен аймақтарда тұратын азаматтарды экономикасы белсенді орталықтарға жұмысқа жұмылдыру. Жұмыссыздықты жою - осы үш бағыт арқылы жүзеге аспақ.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Бұл Жолдауда елімізді одан әрі дамыту, әрбір отбасының жағдайын одан әрі жақсарту, халқымыздың бірлігін, тыныштығын қорғау жолдары көрсетілген. Біздің ең негізгі бағытымыз әлеуметтік модернизация болып табылады. Сондықтан біз осы Жолдауда айтылған мәселелерді бірлесіп абыроймен атқарып, табысты даму жолын одан әрі жалғастыратын боламыз.
Қазақстандықтар үшін бас ауруына айналған баспана мәселесі де бұйырса шешімін табады. Президент Үкіметке осы жылдың 1 шілдесіне дейін «Қол жетімді тұрғын үй» бағдарламасын түзеу міндетін жүктеді. Жалға берілетін тұрғын үй алаңын жыл сайын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажет делінді Жолдауда.
Ибраһим Ағытаев, Қостанай қаласының тұрғыны:
Жылма-жыл Жолдау бойынша жаңа міндеттемелер қабылдаймыз. Сол Жолдауда айтылған мәселелер орындалып жатыр жылда. Жастар жөнінде, олардың әлеуметтік, рухани мұқтаждығын шешу жөнінде біраз мәселелер айтылды. Зейнетақы, әлеуметтік сала мамандарының жалақысы жоғары қазір. Сондай-ақ жұмыссыздық, баспана мәселесі де бірте-бірте шешілуде.
Қуатты Қазақстан дегеніміз - бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Тұрмыс-тіршілігі бір ғана ірі кәсіпорынға тәуелді қалашықтарды дамыту жөнінде Үкіметпен жеке бағдарлама бекітіледі. Бұл енді Жаңаөзендегі жағдайдан алған сабақ.
Мұрат Мұхамедов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Жаңаөзендегі жағдай елді дүрліктіріп тастады. Осыған байланысты Елбасы шағын қалаларды дамытуды тапсырды. Сол шағын қалалар аясында барлық жергілікті мәселелер шешімін табуы тиіс меніңше.
Елбасы Жолдауы – ел қамы. Онда айтылған міндеттер іспен дәлелденіп, қазақ елі жолдаудан жолдауға жаңарып жатыр.
Гүлжан МАРҚАБАЙ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.













Көшіру | pdf
