Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Мәселен, сейсенбіге қараған түні Алматыда жауған қардың қалыңдығы 20 см-ге жеткен. Ал таулы аудандарда қалың қар 35 см дейін жетіпті. Синоптиктер Алматы облысының таулы аудандарында қар көшкіні болуы мүмкін екендігін ескертіп отыр. Алдағы тәулікте де еліміздің шығыс бөлігінде қалың қар жауып, бұрқасын болады деген болжам бар. Ал солтүстік және орталық Қазақстанда ертең ауа температурасы түнде 33 градусқа дейін төмендейді.
Баян Сазанова, «Қазгидромет» РМК гидрометеорология орталығының директоры:
Батыс Қазақстан аймақтары осы циклонның ықпалында. Осы циклон бізге Қара теңіз аймақтарынан келді. Бірінші біздің Оңтүстік Қазақстанда қатты жауын-шашын болды. Сосын ол Жамбыл, Алматы облыстарынан жүріп, Қарағанды облысында да бүгін кейбір аймақтарында жауын-шашын көп болды. Ал бүгінгі түнде Астана қаласында 7 мм қар жауды. Осы бір-екі күн ұсталынады, сосын бізде антициклон ықпалында болады. Қазіргі сәтте ол біздің батысқа кіріп, батыста бүгін 25-30 градус аязға дейін болды.
Ауа райын болжаушылар наурыз мейрамы күндері Қазақстанның басым аймақтарында күн аязды болады деп отыр. Наурыз айының ортасына дейін Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарында жел күшейіп, солтүстік аймақтарда көктайғақ болады деген болжам бар.
Бибігүл ҒАДІЛБЕКҚЫЗЫ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.










Көшіру | pdf
