Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Кәрі құдаң қаһарынан қайтар емес. Ақпанның онкүндігінде еліміздің барлық аймағында күн суытады. Бұл туралы бүгін гидрометеорологиялық орталықтың мамандары мәлім етті. Синоптиктердің болжамы бойынша, теріскейден ойысқан суық циклон салдарынан жел күшейіп, бұрқасындатып тұр. Астанада ғана емес, республиканың батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына қалың қар түскен. Республикалық маңызды тас жолдардың барлығы бүгін ашылғанымен, автожолдардағы көлік қатынасы жіті бақылауға алынды. Ертең де еліміздің шығыс бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады деп күтілуде. Ал солтүстік және орталық Қазақстанда ертең ауаның температурасы түнде 33 градусқа дейін төмендейді.
Баян Сазанова, Ұлттық гидрометеорологиялық орталық директоры:
Батыс Қазақстан аймақтары осы циклонның ықпалында. Осы циклон бізге Қара теңіз аймақтарынан келді. Бірінші біздің Оңтүстік Қазақстанда қатты жауын-шашын болды. Сосын ол Жамбыл, Алматы облыстарынан жүріп, Қарағанды облысында да бүгін кейбір аймақтарында жауын-шашынсыз болды. Ал бүгінгі түнде Астана қаласында 7 мм қар жауды. Ал енді Алматы қаласында да 16 мм қар жауды. Бүгінгі сәтте осындай ауа осы бір-екі күн ұсталынады, сосын бізде антициклон ықпалында болады. Қазіргі сәтте ол біздің батысқа кіріп, батыста бүгін 25-30 градус аязға дейін болды.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.










Көшіру | pdf
