Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Семейде осы «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы шеңберінде 50 пәтер салынып жатыр. Оған биыл қалалық жерде жұмыс істеуге ниет еткен ауыл тұрғындары қоныстанады. Мұндай мүмкіндікке алғаш болып экономикалық жағынан болашағы жоқ деп танылған шағын ауыл тұрғындары қол жеткізбек. Осы санаттағы елдімекендер біртіндеп қала мен аудан орталықтарына шоғырландырылады. Биыл Семей өңірі бойынша 5 ауылдық округтен 50 отбасы қала шетіндегі жаңа үйлерге орналасады. Көші-қонға кететін шығын үшін үкіметтен 9 млн. теңге субсидия бөлініп отыр. Қазір қыстың суығына қарамастан құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жоспар бойынша 1-ші маусымда баспаналар дайын болмақ. Ауылдан қоныс аударатын азаматтардың әрі қарай еңбекпен қамтылуы, түрлі мамандыққа бейімдеп оқытылуы да Аталған бағдарлама арқылы іске аспақ.
Тұрсынбек Шинжин, қала әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы директоры:
3 комнаталы үйлер. Осы үйлерге Абыралыдан 5 ауыл кіріп отыр. Бүгінге көшуге адамдардың ниеттері бар. Әр отбасымен жұмыс істеп, ол кісілерді көшіруге дайындап жатырмыз. Оны әкелгеннен кейін қай жерге еңбекке орналастырамыз, қандай адамдарды оқуға жібереміз, осы жағынан қазір жұмыс істеп жатырмыз.
Ержан ЖАҚЫП