Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Астаналықтар бұдан былай шеттен тасымалданатын көкөністі емес елорда маңында өсірілетін қияр-қызанақты тұтынатын болады. Қазір бас қаланың төңірегінде бірнеше жылыжай салынып жатыр. Бірқатары өз жұмысын бастап та кетті. Бұл жұмысты қолға алғандар «Бизнестің Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшері төмен несие алған мекемелер. Жалпы елорда бойынша бұл бағдарламаға 53 кәсіпорын енген. Оның 42-сі осы күні Үкіметтен субсидия алып жұмыс істеп жатыр. Көмек қаржының құны 10 млрд. теңгеден асады. Жаңадан құрылған бір жылыжайдың өзі 1 млрд. 777 млн. теңгенің несиесін алған.
Жеңіс Досмағанбетов, кәсіпкер:
Жылына 950 тонна қызанақ, 950 тонна қияр аламыз деп пландап отырмыз. 12 айдың 9 айы бойы, жаңағы, беріп тұрады. Күніне орташа есеппен қала тұрғындарына шығып тұратын өніміміз 6-7 тоннадай болады. Мұның бәрі тамшы. Израиль технологиясы бойынша бәрі компьютермен басқарылады...
Думан МҰХАМЕТКӘРІМ