01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

 

Телерадио саласының жаршысы – «Телерадио» журналы жарыққа шыға бастады. Журналдың алғашқы нөмірі - 2011 жылдың желтоқсан айында, Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында  оқырманға жол тартқан болатын.
 
Басылымның бас редакторы - Ләззат Ноғайбаеваның айтуынша шығармашылық ұжым Қазақстанның телерадио нарығындағы барлық ауқымды мәселелерді қамтуды, осы сала мамандарының биік талғамына жауап беретіндей, мазмұны жағынан байытылған басылым болуды көздейді.
 
«Журнал арқылы Елбасының елімізде сантаңбалық телевизияға көшу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру барысы кеңінен көрсетіліп, «Телевизия хабарларын тарату туралы» Заңының аясында атқарылып жатқан жұмыстар насихатталады. Бұл телевизия және радио саласында қызмет етіп жүрген мыңдаған мамандардың  тәжірибе алмасатын, ой-пікір бөлісетін алаңы. Көгілдір экран көрермендерінің өздері ұнататын бағдарламалары туралы көбірек білуіне жасалған мүмкіндік»,-  дейді Л.Ноғайбаева.
 
Журнал әр  тоқсан сайын бір рет шығады. Журналдың электронды нұсқасын біздің сайттан оқи алатындықтарыңызды еске саламыз. Сондай-ақ, басылымға  teleradio.ltd@mail.ru электронды мекен-жайы бойынша телерадио саласына қатысты мақала, ой-пікір, ұсыныс жіберуге болады.