01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тарихи тақырыптағы телесериал сценариіне байқау жариялайды. 

Жобаның мақсаты – қазақ халқының тарихын көрермен қауым назарына жаңаша, қарапайым да ұғынықты тілмен ұсыну арқылы ұлтымыздың шексіз шежіресін соны қырынан танытып, кеңінен насихаттау.
 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тамыры тереңге кеткен халықпыз. Шынайы патриотизм туған тарихыңды жақсы білуден басталады», - деген сөздері Ұлттық телеарна үшін де тарих тағылымын жіті зерделеуге, астарын ашып, күңгірт тұстарын айқындауға негіз. Өткеніміз бен бүгініміз арасындағы байланыс тамырын тармақтап, елім деп еңіреп өткен ерлердің ерен істерін сипаттау арқылы халқымыздың бойында отансүйгіштік, өз елінің тарихы үшін мақтаныш сезімін нығайту – басты міндет.
 
Байқауға қазақ тіліндегі қолжазбалар қабылданады. Ұсынылған сценарий жобалары тақырыптың айғақтылығы және оны ашу тереңдігі, дәлдігі және қонымдылығы жағынан қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.
 
Сценарий жобаларын қабылдау 2012 жылғы наурыз айының 5-не дейін жалғасады. Байқау қорытындысы наурыздың 16-на дейін жарияланады.
 
Байқау жеңімпаздары Корпорацияның басқарма төрағасы бекіткен көркемдік байқау кеңесінің шешімімен анықталады. Өтінімдер және байқау жұмыстары   010000, Астана қ., Мәскеу к-сі, 37  мекен-жайында қабылданады.  
Электронды пошта: rtrk@astana.kazakstan.kzS.Abas-shakh@kaztv.kz