Бүгіннен бастап Ұлттық арна эфирінен «Ақсауыт» әскери-патриоттық бағдарламасы көрерменге жол тартты.
Қазақстан әскеріне биыл 20 жыл болады. Айбынды Қарулы Күштеріміз осыншама жылдар бойы ел тыныштығын қорғау міндетін аброймен атқарып келеді. Кең байтақ жеріміздің қай шетінде болмасын қаһарман жауынгерлердің қырағы қызметі айқын сезіліп тұрады. Аталмыш тележоба Қазақстан әскерінің күнделікті тыныс-тіршілігімен, атқарған іс, жеткен жетістіктерімен таныстырып қана қоймай, жастар арасындағы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, патриоттық санаға баулуға ықпал етуді басты мақсат тұтады.
Құрметті көрермен, әр жексенбі 11:15-те «Ақсауытты» жіберіп алмаңыз!



Көшіру | pdf
