01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігіне 2012 жылдың алғашқы жарты жылдығына дейін президенттің кадрлық корпусына кандидатуралар бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. «Біздің маңызды міндетіміз – бас­қару­шылардың білікті саяси тобын дайындау. Ол кадрлар біздің елімізді ХХІ ғасырда лайықты түрде алға апаруға тиісті жаңа басқарушы элитаның негізін құрайды», – деді Президент.
Қазір еліміздегі мемлекеттік қызметкерлер саны – 91 559 адам. 8514-і Орталық аппарат және Орталық мемлекеттік қызмет қатарында. Ал 78 мыңнан астам мемлекеттік қызметші еліміздің әр аймағында еңбек етіп жүр. Оның 51 мыңнан астам әйел, 336 мыңға жуығы ер азаматтар. Соңғы жылдары мемлекеттік қызметкерлерді оқытуға баса мән беріліп келеді. Мәселен, өткен жылы  33 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.