01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Өмірбек Бабановты қабылдады. Кездесу барысында Президент қазақ пен қырғыз мемлекеттері тіл мен мәдениеті ұқсас елдер. Сондықтан Қазақстан бауырлас елге барынша қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
 
Өмірбек Бабанов, Қырғыз Республикасының Премьер-министрі:
Біз бірқатар уағдаластыққа қол жеткіздік. Атап айтқанда, наурыз айында Қырғызстанда қазақстандық инвестициялық қорды тіркейміз. Қазақстандық тарап «Алматы ­– Кемин» электр желісінің құрылысы туралы мәселені қарастырады. Көктемде қырғыз тарабы «Датқа - Кемин» электр желісінің құрылысын бастайды. Біз қазақстандық тараптың жаңа СЭС құрылысының жобасына қатысуын құптаймыз. Біз Нұрсұлтан Әбішұлының еуразиялық ықпалдастық, бірыңғай экономикалық кеңістік жөніндегі барлық бастамаларын қолдаймыз. Ең алдымен, бұл Орта Азиядағы қауіпсіздікке, біздің компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысты.
 
Сондай-ақ Мемлекет басшысының қабылдауында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлі де болды. Бас мүфти Елбасын Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының жұмысы туралы хабардар етті. 11 жыл ішінде елімізде 960 имам дайындалып, 9 медресе ашылған.
 
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Бас прокуроры Асхат Дауылбаевты да қабылдады. Бас прокурор Президентке Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздік фактілері және осыған қатысты басқа да істердің тергелу барысы туралы есеп берді.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.