01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап ішкі және сыртқы саясаттағы бағыты айқын ел ретінде танылып келеді. Нәтижесінде әлемдік қауымдастық бүгінде бейбіт мемлекет ретінде мойындап отыр. Сондықтан Елбасы жыл сайын Жолдауда бұл саладағы атқарылар жұмыстарды айқындап келеді. Ал халықтың әл-аухатының артуы елдегі тұрақтылыққа тікелей байланысты болмақ.
 
Нұрлан Оразалин, Жазушылар одағының төрағасы:
Осы жаһанның, ғаламның бір бөлігі ретінде Қазақстан, әрі тәуелсіз ел ретінде тәуелсіздік саясатын жүргізе отырып, халықтың әлеуметтік проблемасын қалай қорғауға болады, халықтың ішкі тәртібін, сыртқы қатынасын, сонан кейін осының бәрін орнықтыру үшін, мүмкін, конституциялық нормаларымызды терең жүзеге асыру үшін дәл осы Жолдауда көрсетілген проблемаларға ел-елде, жер-жерде тоқталып, талдап, халыққа соны ұғындыру бұл парыз деп ойлауымыз керек.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.