Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі:
Өңірлерімізді дамыту, өйткені, ең орталығымыз біздің Астана мен Алматы ғой. Орталық пен өңірдің қарым-қатынасы. Бұл орталық пен өңірдің артта қалып қалғаны - бұл социализм кезінен келе жатқан сол саясаттың зардабы. Өңірлерді көтеру керек. Мына Астананың құрлысы арқылы, Астананың осылай дамуы арқылы облыстың орталықтары дамыды. Енді аудан өңірлерін, соларды дамытуға айрықша мән берілмек.
Ғарифолла Есім, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Жұмысқа қамту мен ең соңында оныншы бағыт - ауыл шаруашылығын дамыту. Әрбір он бағыттың әрқайсысына модернизация керек. Қазіргі жастар қалай ойлап бара жатыр? Басқа, тағы да қат-қабат мына әлеуметтік жағдайда отырғандар қалай ойлап бара жатыр? Соның бәрін байқап, қоғамның тынысын байқап отырса, Парламент те, Үкімет те өздерінің жұмыстарына модернизациялық қуат алады.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.




Көшіру | pdf
