Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Жетісу мемлекеттік университетінде 7 мыңнан артық білімгер бар. Ондағы аса мұқтаж 524 студент 2 жатақханада тұрады. Ал өзгелері пәтер жалдауға мәжбүр. Мәселен, Жаркент қаласынан келген Жанар Битебаева 2-ші курста оқиды. Жақында тұрмысқа шыққан. Отбасылы студенттерге жатақхана берілмейді екен.
Жанар Битебаева, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенті:
Биылғы Жолдауда жас отбасыларды үймен қамту туралы қарастырылды. Әрине, біз студенттер квартирада жүргендіктен, ол бізге өте маңызды. Және осы Жолдау жақын арада жүзеге асады деді. Және жас отбасыларды үймен қамтамасыз ету ол өте жақсы, орынды.
Жастардың пайымдауынша, Жолдауда аталған барлық мәселелер өзекті. Әсіресе, жастардың жол жүруі мен өмір сүруіне мемлекет тарапынан қолдау көрсету, білім алуын қолжетімді ету тұрғысындағы тапсырмалар студенттер тарапынан қызу қолдау тапты.
Нұржан Ерланұлы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенті:
Қалай мен осы Жолдауды іс жүзіне асырамын? Ең алдымен, мен сапалы білім мен университетте саналы тәрбие алып, саламатты өмір салтын ұстанып жүрсем менің қоғамға кесірім тимейді. Оған пайдам тиеді. Сондықтан қазір ғылымға, техникаға, барлығына жағдай жасалып жатыр. Ғылыммен айналыса аламын. Барлығына мол мүмкіндік туғызылды. Сондықтан да мен де Жолдаудың орындалуына, Елбасымыз меже қойды, сол межеге абыроймен жетуге өз күш-жігерімді жұмсаймын.
Айта кету керек, Талдықорғанда 2007 жылдан бері оқушылар мен студенттердің қоғамдық көліктерде тегін жүруіне жағдай қарастырылған. Бұндай жеңілдікті қазіргі кезде 30 мыңнан артық жас пайдалануда. Егер былтыр бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 143 миллион теңге бөлінсе, 2012 жылға 151 миллион теңгеден астам қаржы белгіленіпті. Ал Жолдау жастарға деген бұл және басқа да қамқорлықты арттыра түсетініне жетісулық студенттер сенімді.
Данияр БОЛЫСБЕКҰЛЫ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.




Көшіру | pdf
