01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Алматы облысында да жұмыссыз жүрген жастардың қарасы азайып келеді.  Егер 2009 жылы бұл көрсеткіш 7 жарым  пайызды құраса, өткен жылы 4 пайызға  дейін төмендеген. «Дипломмен ауылға» және «Жастар тәжірибесі»  мемлекеттік бағдарламасының арқасында талай жас тұрақты жұмыс тапты.  Өткен жылы тағы 1625 адам жастар тәжірибесіне тартылып, білігін көтергендердің 23 пайызы еңбекпен қамтылды. Ал «Жол картасы» бағдарламасына 2009 жылдан бері 6400-ге жуық жетісулық жас қатыстырылған. Жастарды еңбекпен қамту мәселесі өңірде өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Шараны «Нұр Отан» партиясының «Жас отан» жастар қанаты ұйымдастырған. Өткен жылы «Жастар тәжірибесіне » қатыстырылғандарға мемлекет  20 мың теңге төлесе, биыл қаржы көлемі 26 мың теңгеге ұлғайды. Сондай-ақ, жобаға диплом алғанына жыл толмаған  жастар да қатыса алады.
    
Рустам Алпысбаев, облыстық жастар саясаты орталығының директоры:
Алматы облысының жастар саясаты орталығы бар. Бізге өте тапшы боп келетін 2 маман. Ол жаңағы  веб дизайнер, компьютерлік дизайнер дейді, сонымен қатар - тілші. Сол мамандарды осы бағдарлама арқылы табамыз деп сенеміз.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.