01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруда Шығыс Қазақстан облысы алдыңғы қатарда. Бұл туралы бүгін өндірісті өңірдің орталығы Өскеменде болған Әсет Исекешев айтты. Министр қаладағы бірнеше кәсіпорын жұмысшыларымен жүздесіп, Президент Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады.
 
Сондай-ақ, Индустрия және жаңа технологиялар министрі «ШығысМашЗауыт» және «Қазмырыш» компаниялырының жұмысымен танысты. Екі кәсіпорында да жаңа жобалар бар. Әсет Исекешев «Қазмырыш» кәсіпорынындағы былтыр іске қосылған жаңа мыс зауытында болды. Министрдің жұмыс тобы «Шығыс машина зауытының» тыныс-тіршілігімен де танысты. Мұнда вагон құймаларын дайындау бойынша жаңа жоба жүзеге асып жатыр.
 
Әсет Исекешев, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі:
«Шығыс машина зауыты» үшін қиын күндер артта қалды. Енді жаңа жобамен цехтар ойдағыдай жұмыс атқарса, тағы 200-ге жуық жұмыс орны болады. Бұл дегеніміз көптеген мамандар жұмыспен қамту бағдарламасы аясында қайта даярлық курстарынан өтуі қажет.  
 
Берік КӨШЕРБАЕВ
 
 
 
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.