01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Рухани құндылықтарды қастерлеп, тарихты терең ұғынған адамның ұлттық рухы биік болады. Сондықтан ел ертеңі болар ұрпақтар үшін бұүгін ең алдымен осы жәйттерге баса назар аудару керек. Елбасы биылғы Жолдауында да осы мәселеге жіті тоқталып, мемлекетшіл рухты қалыптастыруды, өскелең ұрпақ бойына сіңіруді зиялы қауым өкілдеріне тапсырған. Президент пәрмені ғалымдар тарапынан қолдау таппақ. Бүгін Алматыда «Қазақстан мемлекеттілігінің рухани-мәдени негіздері» деген ғылыми-теориялық конференция өтіп, онда сарапшылар ұрпақ тәрбиесіндегі түйткілді мәселелерді талқыға салды. Ғалымдардың пікірінше, рухани жетілу үшін ең алдымен жас ұрпақтың бойына ұлтымыздың бай мұрасын насихаттау қажет. Бұл ретте атқарылған істер де бар. Мәселен, қазір елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Соның арқасында тарихтың қаншама шаң басқан парақтары ашылып, жұрт игілігіне жарады.
 
Әбдімәлік Нысанбаев, ҚР Ғылым академиясының академигі:
Экономика жағынан кемшілік болса, біз 5-10 жылда жетіп аламыз, жұмыс істеп, еңбек етіп. Ал рухани жағынан, мәдени жақтан қалып қойсақ, онда ұзаққа кетеді. Рухани, мәдени жаққа әрі қарай көп көңіл бөлуіміз керек. Рухани, мәдени жаққа көңіл бөлгенде онда ұлттық идея деген де бар. Ол жалпы адам мәселесі. Бұл дүниеде бәрін шешетін адам ғой. Адамды қалыптастыру, жақсы адамды, толық адамды, Абай айтқан толық адамды қалыптастыру біздің қоғамның үлкен міндеті. Бізге сондай толық, рухани жағынан жетілген адамдар керек.
 
Айгүл ЕРМАХАН
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.