Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Әлихан Бәйменов, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
Президенттің тапсырмасына сәйкес қазір Қазақстанда басқару элитасын қалыптастыру тетіктері жасалуда. Сол себепті біз қазір кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы жарлық жобасын әзірлеудеміз. Яғни, қазіргі әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің ішінен белгілі бір басқару лауазымдары бөлініп, оларға ерекше біліктілік талаптары, ерекше тұлғалық талаптар және ерекше тағайындау тетіктері қалыптастырылатын болады.
Солтүстікқазақстандықтар жұмыспен қамту, қолжетімді баспана салу, қызмет көрсету сапасын арттыру сияқты Жолдауда айтылған мәселелерді құптап отыр. «Әсіресе, өңірлерді дамыту - экономикамыздың тамырына қан жүгіртіп, жаңа бастамаларға жетелейді» дейді аймақ тұрғындары. Соңғы 10 жылда ғана Қазақ елі ТМД мемлекеттері арасында оқ бойы алға шығып, өрлеудің өзіндік үлгісін көрсетті.
Таңат Сүгірбаев, «Асыл мұра» орталығының жетекшісі:
Биылғы Жолдауда білім беру саласына көп көңіл бөлінген. Денсаулық сақтау, зейнетақы жүйесін жетілдіруге байланысты пікірлерін айтты. Мысалы, денсаулыққа байланысты десек, онкологиялық орталық ашылайын деп жатыр Астанада. Яғни, бұл қауіпті ісікпен ауыратын біздің қандастарымыз көп, сондықтан да олардың денсаулығына үлкен көмек болады деп ойлаймыз.
Бақытбек ЖАМАШҰЛЫ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.




Көшіру | pdf
