Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Бүгін Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Парламент Мәжілісінің депутаттары мен университет ұжымы бас қосты. Мақсат - Елбасының биылғы халыққа Жолдауындағы негізгі 10 бағытты студенттерге айқындап, насихаттау. Биылғы Жолдауында Президент оқу үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияларды енгізіп, жастардың білімге қолжетімділік аясын кеңейту керектігін тапсырды. Сондықтан, жиында депутаттар Жолдаудағы әлеуметтік мәселелер мен білім беру, денсаулық сақтау сияқты салаларға ерекше тоқталды. Депутаттар сондай-ақ, жастарды жұмыспен қамту және қолжетімді баспана беру сынды мәселелерді назардан тыс қалдырмады. Әрдайым сапалы білім мен кәсіби біліктілікке ұмтылу қажеттігін қадап айтты.
Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «ҚКХП» фракциясының мүшесі:
Жоғарғы оқу орнын бітіргенде, жұмыс орнын таба алмай, жұмысқа шыға алмай жататын болса, олардың ұсыныстары министрлік арқылы, яғни, олардың осы оқуды бітіргеннен кейінгі 3 жылдық кепілді түрде жұмыс орны болатын болса екен деген ойлар. Міне осы ұсыныстарды көп жерде әрқашанда айтып жатыр. Біз оны ары қарай алып барып, Парламент қабырғасында талқылауға бел будық.
Әйгерім МУСИНА