01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы бастауыш партия ұйымдарында Жолдауды түсіндіру бойынша бірыңғай ақпараттық күн өткізілді. Шараны «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ұйымдастырды. Партия өкілдері Өскемен қаласындағы теміржолшылар және дәрігерлермен кездесті.
 
Жиында Жолдаудың басым бағыттары талқыланды. Халықты, әсіресе, әлеуметтік бағдарламалардың көбеюі қуантады. Шығыс қазақстандықтар  жұмыспен қамту, қолжетімді баспана салу, қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша мәселелерді құптайтындарын жеткізді. «Өңірлерді дамыту экономикамыздың тамырына қан жүгіртіп, жаңа бастамаларға жетелейді» дейді қала тұрғындары. Кездесуге қатысқандар өз пікірлерін ортаға салып, партия өкілдері және қалалық мәслихат депутаттарына сұрақтарын да жолдады. 
 
 
 
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.