Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Еліміздегі білім беру жүйесін жаңғырту үшін білім беру үрдісіне жаңа заманға сай әдістер мен технологияларды енгізу керек-ақ. Одан қалса, педагогикалық құрамның сапасын арттырған жөн. Біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйе құру да – бүгінгі күннің талабы.
Күні бүгін Қазақстанда 146 жоғарғы оқу орны жұмыс істеп тұр. Халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев Университеті мен зияткерлік мектептер табысты қызмет етуде.
Адами әлеуетті арттырудың тағы бір маңызды тұсы – сапалы медициналық қызметке қолжетімділікті арттыру, – деді Елбасы. Бұл бағытта «Саламатты Қазақстан – 2015» мемлекеттік бағдарламасын одан әрі нәтижелі жүзеге асырудың орны бөлек. Озық емдеу-диагностикалық кешендер жұмысын жетілдіріп, көліктік медицинаны дамыту керек. Мұнымен қоса, мемлекет басшысы ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құруды тапсырды.
Б.ЫСҚАҚОВА
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.




Көшіру | pdf
