01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Бүгін күн райы тағы да күрт бұзылды. Синоптиктердің хабарлауынша, теріскейден ойысқан суық циклон салдарынан жел күшейіп, бұрқасындатып тұр елімізде. Астанада ғана емес, республиканың батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында да қар қалың түскен. Республикалық маңызды тас жолдардың барлығы бүгін ашылғанымен, автожолдардағы көлік қатынасы жіті бақылауға алынды. Мамандар солтүстіктен ығысқан ызғарлы ауа ықпалынан солтүстік облыстарда, сондай-ақ, шығыс және батыс өңірлерде әлі де аяз болатынын әлсін-әлсін ескертіп, жолаушыларды жолға шығудан сақтандырып жатыр. Астананың Коммуналды қызметі қар тазартқыш техниканың барлығын көшеге шығарып, жұмысты күшейтілген режимге көшірді.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.