Көп ұзамай «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі және жаңарған құжат мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершілік жүктейтін болады. Заң жобасын бүгін Астанада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері, саяси партиялардың жетекшілері, отандық және халықаралық сарапшылар бас қосып, бірлесе талқылады. Жиналғандардың пайымдауынша, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін қалыптастыру қажет. Ол үшін халықаралық тәжірибеге сүйенгеніміз жөн.
Әлихан Бәйменов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
Заң жобасында соңғы жылдары Президенттің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызмет кадрларын тұрақтандыру, олардың кәсіби біліктілігін арттыру, қатардағы мемлекеттік қызметкерлердің құқығын қорғау және басқару элитасын қалыптастыру туралы тетіктер қарастырылды.
Перизат ЕРМЕКҚАРА
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.







Көшіру | pdf
