01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Отандық алпауыт алты кәсіпорында жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов бүгінгі Үкімет отырысында осыны айтты. Жаңғырту арқылы кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттыру көзделген. Сондай-ақ, индустриалды-инновациялық жобаға сәйкес 4,5 триллион теңге түрлі деңгейдегі кәсіпорындарға инвестиция ретінде салынбақшы. Қолға алынғалы отырған жоспарлардың арасында туризм саласын дамыту жобасы да бар.  Министр бүгін Алматы маңындағы «Көкжайлау» тау-шаңғы курорты мен Астана маңындағы Бурабай курортық аймағында атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше тоқталып өтті. Бұл жаңа демалыс орындарының әр қайсысы шетелдік туристердің қазақ еліне деген қызығушылығын арттырады деген сенім бар. Жол құрылысы саласы да қаперден тыс қалған жоқ. Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтың айтуынша, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» күре жолының құрылысының қарқыны қазір жаман емес. Елдің төрт облысын басып өтер магистраль жобасы  35 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.
 
Асқар Жұмағалиев, ҚР Көлік және коммуникация министрі:
Күре жол еліміз үшін маңызды. Осы жол басып өтетін төрт аймақ үшін де ерекше маңызды. Бұл жол көптеген ел аймақтың әл-ауқатын көтеретіні анық. Бұл жоба болашақта халқымыздың 70 пайызын сапалы әрі жоғары дәрежелі жолмен қамтамасыз етпек.
 
Думан МҰХАМЕТКӘРІМ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.